ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Профилактикалық тексеру 2

Сәтбаев қаласының клиникасы негізінде кәсіби патологтың басшылығымен №2 профилактикалық тексеру және кеңес беру емханасы бөлімшесі қызмет етеді. 

Профилактикалық тексеру бөлімшесі ағзаға кәсіби зиянды факторлардың әсер етуімен байланысты туындайтын ауруларды анықтауға, алдын алуға және емдеуге арналған. Күн сайын толық медициналық тексеруден 35-40 жұмыскерлер өтеді.  

Кеңес беру емханасы бөлімшесінде Сізге біздің келесідей мамандарымыз кеңестік көмек беруге және қабылдауға әзір:

  • Невролог.
  • Дерматовенеролог.
  • Офтальмолог
  • Отоларинголог
  • Хирург.
  • Гинеколог.

Профилактикалық тексеру және кеңес беру емханасы бөлімшесінің меңгерушісі профпатолог дәрігері Жанат Ергазиевна Толысбаева.

Біздің мекенжайымыз: Сәтбаев қаласы, Жандосов көшесі 4, Медициналық орталықтың клиникасы. Профилактикалық тексеру бөлімшесінің жұмыс уақыты: сағ. 08.00-ден 12.00-ге дейін, кеңес беру емханасы:сағ. 12.30-дан 16.00-ге дейін.

Байланыс телефоны: емхана меңгерушісі  8(71063) 3-75-22

Консультанттардың қабылдауына тіркеу бөлімі арқылы жазылу: 8 (71063) 2-58-73